Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" ЖШС басшысы ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растайды.

Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді", - делінген ресми хабарламада.

Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953043-ekologiya-vice-ministri-men-operator-rop-zss-bassysy-ustaldy/

pixel