Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу": Тоқаев Головкинді қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.

Қазақстан президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.

️Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, 26 ақпанда Бас Ассемблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын Бас Ассамблея мүшелері бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Кейін Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063807-toqaev-golovkindi-qabyldady/