jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өткеніне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген.

    Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

    Айта кетейік, еліміздің танымал қоғам қайраткері, публицист, ғалым Сейдахмет Құттықадам 78 жасында өмірден өтті.

    "Алматы ақшамы" басылымының мәліметіне сүйенсек, Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған болатын.

    Кейіннен республикалық басылым – "Арай" журналының, "Время-Дәуір" және "Эпоха" газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды.

    Ардагер журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Вызов времени", "Миражи и реалии", "Служение нации", "Казахская драма" атты төрт кітаптың авторы. Сондай-ақ ол республикалық, одақтық басылымдардағы, "Аргумент и факты", "Вокруг света" сияқты газеттердегі 500 авторлық мақалалардың авторы.

    Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.