Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы келесі жылы Көкшетауда өтеді

Опубликовано:

Жұмбақтас
Жұмбақтастың көрінісі. Көрнекі фото: instagram.com/burabay.inform

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады.

Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын", - деді президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, бүгін Атырауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті.

Құрылтайда мемлекет басшысы алғашқы отырыс Ұлытау жерінде, екінші отырыс киелі Түркістанда өткенін еске салып, үшінші отырысты өткізу үшін Атырау өңірі не себепті таңдалғанына тоқталып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2069175-ulttyq-quryltaidyn-tortinsi-otyrysy-kelesi-zyly-koksetauda-otedi/

pixel