Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 12 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар
Көшеде қар жауып тұр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласы мен 12 облыста дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

16 наурызда Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

16-18 наурыз аралығында үлкен және кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

16 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

16 наурызда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оітүстік-шығыстан жел соғады.

16 наурызда түнде және таңертен Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

16 наурызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

16-19 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауына, жауын-шашынның қар және жаңбыр түрінде болжамына, сондай-ақ қарқынды қар еруіне байланысты Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысында еріген қар суын су басуы мүмкін.

Ескертпе: қар еруі қарқынды өткен кезде және жауын-шашын жаңбыр күйінде болуына байланысты Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасының жоғарлауына байланысты 17-18 наурызда Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында қардың қарқынды еруінің жалғасуы, еріген қар суы мен бүйірлік ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2069265-qazaqstannyn-12-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel