Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай шиеленіскен": Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қазақстанның Украинадағы елшілігі
Қазақстанның Украинадағы елшілігі. Фото: instagram.com/kazembukr

Еліміздің Украинадағы елшілігі Одесса мен Харьков облыстарындағы Қазақстан азаматтарын жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету мүмкіндігін қарастыруға шақырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және қауіп-қатердің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады", – делінген Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ресми Telegram арнасында.

Дереккөз ақпараты бойынша, Қазақстан азаматтары Украинадан елге екі жолмен – Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттары арқылы, одан әрі коммерциялық рейстерді пайдалана отырып орала алады. Украинадан Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуға тиіс, ал Молдова арқылы Қазақстанға оралу үшін виза талап етілмейді.

"Елшілік барлық азаматты әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады", – деп жазылған хабарламада.

Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.

Айта кетейік, УНИАН ақпараты бойынша, бірнеше күн бұрын Харьков облысына тағы оқ жауды. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, облысқа ұшқышсыз ұшатын аппарат арқылы шабуыл жасалған. Тұрғындарды қауіпсіз баспаналардан шықпауға шақырған болатын.

Ал "Украинская правда" жазуынша, 28 наурызда таңертең Одесса облысына зымыранмен шабуыл жасалған, бірақ ол теңіз үстінде жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2075049-zagdai-sielenisken-qazaqstan-elsiligi-ukrainadagy-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel