Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев кездеседі

Опубликовано:

Тоқаев пен Мирзиеев
Тоқаев пен Мирзиеев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорданың ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2079140-toqaev-pen-savkat-mirziyoev-beiresmi-kezdesu-otkizedi/

pixel