Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Президент бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.

Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен  сөйлесу барысында президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қаланы су басқанын, жазған едік. ТЖМ халық Құлсары қаласынан Атырау қаласына жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланып жатқанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2079878-toqaev-atyrau-oblysynyn-akimi-serik-sapkenovpen-telefon-arqyly-soilesti/