jitsu gif branding logo appbranding logo app

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде оқушылар сауықтыру орталықтарына жіберіледі

Тамақтанып отырған оқушы
Тамақтанып отырған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство басшысы оқу процесін сапалы ұйымдастыра отырып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ең алдымен көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығы 6 сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын. Оқушыларды тасымалдау үшін министрлік қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық пен ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Аппараттық кеңес барысында министр балалардың қауіпсіздігімен қатар, су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған педагогтерді қолдау мәселесіне де тоқталды. Ведомство басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әріптестеріне көрсеткен кәсібилігі, адамгершілігі және шынайы патриотизмі үшін алғысын білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде оқушылар сауықтыру орталықтарына жіберіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.