jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт (Германия) турнирінде жеңіске жеткені үшін құттықтады, деп хабарлады Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады.

    "Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!", – деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

    Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) турнирінің финалында украиналық Марта Костюкпен кездесіп, оны ойсырата жеңгенін жазған едік.

    Сондай-ақ бүгін Рыбакина Германияда өткен турнирде жеңіске жеткені үшін қандай сый-сыяпатқа ие болғаны хабарланды.

    Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.