Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Костенко атындағы шахтада түтіндеудің алдын алған электр слесарін наградтады

Опубликовано:

Айбар Қосанов
Айбар Қосанов. Фото: ТЖМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанкешті және жемісті еңбегі үшін Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - делінген хабарда.

Айбар Қосанов
Айбар Қосанов. Фото: Qarmet баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 2 мамырда Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші жер бетіне шығарылған болатын. Qarmet ақпаратынша, конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойған болатын.

"Түтін шыққанда шахтада хабарлау жүйесі іске қосылған. Сағат 19:45 датчик сигналымен түтіннің шығу себебі жойылғанымен, эвакуциялау жоспары енгізіліп, 194 кеншіні жер бетіне шығару бойынша шешім қабылданған" , - делінген хабарламада.

Кейін 187 кенші жер бетіне шығарылған. Учаске басшылары мен бақылаушылар қатарынан 7 қызметкер оқиғаны бақылау, шахта жұмысын қадағалау үшін сол жерде қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2096684-toqaev-i-aibar-bekbolatuy-qosanov-iii-darezheli-engbek-dangqy-ordenimen-nagradtaldy/

pixel