Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғындар Ерболат Досаевқа неліктен аз дауыс берді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Фото: gov.kz

Қазақстанның ең танымал әкімдерінің бірі "Жыл әкімі" номинациясында неліктен соңғы орында тұрғанын NUR.KZ анықтады.

Ерболат Досаев біздің рейтингте 20-шы орында тұр. Бүгін біз Алматы әкімі 2023 жылы несімен есте қалғанын еске түсіруге тырыстық.

Ерболат Досаев ең көп талқыға ұшырайтын қазақстандық әкімдердің бірі. Ол өз қызметін 2022 жылдың қаңтарында бастады. Сол уақыттан бастап әкім бірнеше рет халық тарапынан қатты сынға ұшырады.

Мысалы, өткен жылдың ақпанында Бостандық ауданының зейнеткері Досаевтың қабылдауына кіре алмағаны туралы шағымданған болатын. Тұрғын әкімнен кабинеттерде отырмай, жұмыс істеуін талап етті. Оған жауап ретінде Досаев қала тұрғынын мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге шақырды.

Өткен жылдың жазында Алматыда құлаған ағаштар туралы сұраққа жауап бере отырып, Ерболат Досаев бәрі оның бақылауында екеніне сендірді.

"Біз арық жүйесінің жұмысын барынша ретке келтірдік. Қазір жаңа арналар салып жатырмыз. Мен осы жылдан бастап қаладағы ағаштарды өз бақылауыма алдым", - деді ол.

Әкім алматылықтардың сыни пікірлеріне қарамастан, халықпен кездесулер өткізеді. Осыдан-ақ Ерболат Досаев сыннан мүлдем қорықпайтынын көруге болады.

Жақында Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының проблемалық мәселелерімен және даму перспективаларымен танысты.

Ерболат Досаев – қазнеттегі ең танымал тұлғалардың бірі. Пайдаланушылар ол туралы жиі пікірлер жазады. Мысалы, біздің Instagram парақшамызда халық әкім туралы өз пікірлерін қалдыруда. Айта кету керек, әкім жайлы жағымсыз пікірлер көп:

  • "Досаев қаланың дамуы үшін ештеңе істемейді! Ал оның дөрекілігі туралы барлық қала тұрғындары жақсы біледі!".
  • "Досаев кетсін! Халықпен жұмыс істей алмайды! Ол ешқандай басшылық қызметке лайық емес!".

Сондай-ақ қала басшысының жұмысына риза оқырмандар да бар:

  • "Ең креативті және мега-танымал әкім. Қаңтар оқиғасынан кейін қаланы жаңа деңгейге көтерді".
  • "Досаев - 6.0".
  • "Досаев мен сені таңдаймын!"

Тыс қалма! Қазақстанның ең үздік әкімін дауыс беру арқылы анықта!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2100716-turgyndar-erbolat-dosaevqa-nelikten-az-dauys-berdi/