Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Тілегенов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ақорда
Ақорда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тимур Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

Айта кетейік, президент 16 мамырда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Ең алдымен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды.

Ал Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2101859-timur-tilegenov-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/