Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусин "Қазақтелеком" басшысы қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Бағдат Мусин. Фото: Primeminister.kz

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы қызметіне тағайындалды – бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Instagram-дағы ресми парақшасында жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. "Қазақтелеком" АҚ – негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз", - деп жазды Бағдат Мусин Instagram-дағы парақшасында жарияланған жазбасында.

Еске салайық, бүгін экс-министр Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болып тағайындалғанын жазған едік.

Бұған дейін бұл қызметті Қуанышбек Есекеев атқарған. Енді ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

30 сәуірде Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылған болатын. Бұл қызметте Мусин 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеп келді.

Кейін экс-министр Instagram-дағы парақшасында министрліктен кетуіне қатысты жазба жариялаған еді.

Сондай-ақ 2 мамырда сенат кулуарында цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек бұрынғы министр Бағдат Мусиннің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2115201-musin-qazaqtelekom-basshysy-qyzmetine-tagaiyndaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/