Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімге болса да": Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның ішкі істеріне киліккендерге қарсы тұратынын мәлімдеді

Опубликовано:

Лидер КНР на фоне американского флага
Си Цзиньпин: Carlos Barria/ Getty Images

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапары алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап мақала жазып, онда ресми Бейжің Астанаға қатысты қандай саясат ұстанатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

"Қытай даналығы досқа айтқан әр сөздің үдесінен шығу керек екенін өсиет етеді. Қазақстандық достарымызбен әрі қарай да шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты орната береміз. Стратегиялық тұрғыда үйлескен өзара саяси сенімді тереңдетіп, бір-біріміздің түпкілікті мүддеміз бен негізгі алаңдататын мәселелерде өзара қолдауды арттыра береміз.

Қытай тарабы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажетті ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш-жігерін қолдаудан айнымайды, Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады.

Өзара сыйластық, тату көршілік, өзара көмек және өзара тиімділік сияқты төрт маңызды қағидатты дамытып, арттыру екіжақты қарым-қатынастың орнықты динамикасын сақтауға негізделген", - деп жазады Қытай басшысы.

Си Цзиньпин мақаласында Қытай мен Қазақстан экономикасы құрылымы жағынан бір-бірін толықтырып тұрғанын да сөз еткен.

"Бір белдеу және бір жол" бастамасы мен Әділетті Қазақстан экономикалық бағдарын ұштастырып іске асыруға бірлесіп күш саламыз.

Қазақстандық тауарлардың алпауыт қытай нарығына жолын кеңейтіп, Қытай дамуының мүмкіндіктерін бірлесіп пайдаланамыз", - дейді ол.

Еске салсақ, 2-4 шілде күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.

Қытай басшысы мемлекеттік сапары барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады деп жоспарланған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2127402-kimge-bolsa-da-si-tszinpin-qytai-qazaqstannyng-ishki-isterine-kilikkenderge-qarsy-turatynyn-malimdedi/