Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға ұшып келді

Опубликовано:

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келді
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келді. Фото: instagram.com/uninkazakhstan

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ұшып келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін таңертең Алматы қаласына келіп, Қазақстанға маңызды сапарына бастау болды.

Бас хатшыны сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жылы қарсы алды.

Айта кетейік, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Сонымен қатар Моңғолия президенті Ухнаагийна Хурэлсуха ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128002-buu-bas-hatshysy-antoniu-guterrish-almatyga-ushyp-keldi/