"Ұшақтар Қытай туымен түстес із қалдырып ұшты": Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді қалай қарсы алды (фото)
Жарияланған күні:

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.


Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
Ақорда хабарлауынша, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар 3 шілдеде елордада отшашу болатыны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128035-qazaqstanga-memlekettik-saparmen-kelgen-qytai-halyq-respublikasynyng-toragasy-si-tszinpindi-saltanatty-turde-qarsy-alu-rasimi-otti/