Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең Астанаға Гвинея-Бисау президенті ресми сапармен келеді

Жарияланған күні:

Ақорда
Ақорда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

18 желтоқсанда Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда ақпаратынша, ертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбаломен кездесу өткізген болатын. Сондай-ақ Тоқаев әріптесін Қазақстанға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2201255-erteng-astanaga-gvineia-bisau-prezidenti-keledi/