jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    "Бүгін әйеліңізбен әңгімеңіз оңай болмайын деп тұр": үкімет отырысында Бектенов елді күлдірді

    Цифрлық даму министрі
    Жаслан Мәдиев. Фото: digitalministry_kz

    Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев шенеуніктерге неке қиюға онлайн өтініш беру жолдарын көрсетті. Жаңа функцияның таныстырылымы әзіл-қалжыңға ұласты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Министр Мәдиев виртуалды ассистенттің көмегімен жаңа қызметті кезең-кезеңімен көрсетіп, жүйе некеде тұрған азаматтарды автоматты түрде анықтайтынын атап өтті.

    "Маған қызметті алу үшін сілтеме берілді және оны басып, формаға өтемін (неке туралы өтінішті толтыру үшін – ред.ескертпесі). Мен некеде болғандықтан, жүйе мені әрі қарай өткізбейді", - деді Мәдиев.

    Осыған орай премьер-министр оған әзілмен жауап қатты:

    "Некеде бола тұра, өткізіп жібереді деп ойладыңыз ба? Бүгін отырыстан кейін әйеліңізбен әңгімеңіз оңай болмайын деп тұрған сияқты".

    "Электронды үкіметтің" сайтындағы ақпаратта "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

    Некеге тұратын еркек пен әйелдің толық келісімі және олардың неке жасына, яғни 18 жасқа жетуі қажет.

    Мына адамдар арасында неке қиюға жол берілмейді:

    1. бір жыныстағы адамдар;

    2. біреуі басқа некеде тұрған адамдар;

    3. жақын туыстары;

    4. бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары;

    5. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.

    "Бүгін әйеліңізбен әңгімеңіз оңай болмайын деп тұр": үкімет отырысында Бектенов елді күлдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.