jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Үкімет басшысы Тоқаевқа Ақтауда болған ұшақ апатына байланысты есеп берді

    Ұшақ апаты орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
    Ұшақ апаты орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Фото: ТЖМ

    Премьер-министр Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты ағымдағы жағдай туралы хабарлады. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Үкімет ақапаратынша, мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.

    Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетілуде. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

    Әзербайжан үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

    Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

    Үкімет басшысы Тоқаевқа Ақтауда болған ұшақ апатына байланысты есеп берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.