Тоқаевпен кең көлемді сұқбаттың анонсы жарияланды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне сұқбат берді. Материал 3 қаңтарда жарияланады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлайды.
"2025 жылдың 3 қаңтар күні "Ана тілі" газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұқбаты жарық көреді", - делінген Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасындағы жазбада.
Президент сұқбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды.
Соңғы рет мемлекет басшысының белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең ауқымды сұхбаты 3 қаңтарда жарық көрген болатын. Онда ол қаңтар оқиғасына тоқталып, АЭС жайлы құрылысы тақырыбын қозғаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207012-toqaevpen-kolemdi-suhbattyng-anonsy-zhariialandy/