jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалған Дархан Сатыбалдыны қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дархан Сатыбалды
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дархан Сатыбалды. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

    Сонымен қатар Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

    Еске салайық, 6 қаңтарда Дархан Сатыбалды Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

    Оның орнына Түркістан облысының әкімі болып Нұралхан Көшеров тағайындалды.

    Тоқаев Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалған Дархан Сатыбалдыны қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.