Зектілері

"Әлі жарты күн бар": Трамп Украинадағы соғысты 24 сағатта аяқтауға уәде беруіне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскеннен кейін 24 сағат ішінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату туралы өзінің сайлау алдындағы уәдесіне қатысты түсініктеме берді.

Инаугурация кезінде Дональд Трамп әлемдік соғыстарды тоқтатамын деп уәде берген еді. Рәсім Face of Nation CBS YouTube арнасында көрсетілді.

Трамптан өз әкімшілігінің бірінші күні-ақ Украинадағы соғысты тоқтату туралы сайлауалды уәдесі қаншалықты орныдалатынын сұрағандар табылды. Ол бұл сұраққа жауап бере отырып, дүйсенбіде әлі уақыты бар екенін алға тартты.

"Жарты күн ғана өтті, менде әлі жарты күн бар", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп 8 қаңтарда баспасөз конференциясын өткізіп, Украинадағы соғысты 24 сағатта аяқтау жөніндегі уәдесі туралы ештеңе айтпастан, Украина мен Ресей арасындағы қарулы жанжалды аяқтау үшін алты ай қажет деп есептейтінін сөз еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2213508-ali-zharty-kun-bar-tramp-ukrainadagy-sogysty-24-sagatta-aiaqtauga-uade-beruine-qatysty-malimdeme-zhasady/