jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си
18+

Трамп Украинадағы соғыс бір тәулікте емес, алты айда аяқталуы мүмкін деп мәлімдеді

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell / Getty Images

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты аяқтау үшін алты ай қажет деп есептейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сейсенбі күні баспасөз конференциясын өткізген Дональд Трамп Украинадағы соғысты 24 сағатта аяқтау жөніндегі уәдесі туралы ештеңе айтпады. Енді ол Украина мен Ресей арасындағы қарулы жанжалды аяқтау үшін алты ай қажет деп есептейді.

"Алты ай деп үміттенемін. Алты айдан әлдеқайда ерте аяқталса деймін. Ресей де, Украина да көптеген жас азаматынан айрылып жатыр. Мұндай шайқас басталмауы керек еді. Бұл соғыс басталмауы қажет еді. Мен президент болып тұрғанда мұндай соғыс болмас еді деп ашып айта аламын", - деп мәлімдеді Трамп.

Сайлау қарсаңындағы саяси науқан барысында Трамп соғысты президент қызметіне кіріскен алғашқы тәулікте-ақ аяқтауға уәде берген. Енді ол бір тәулік неге жарты жылға айналып шыға келгенін Трамп түсіндіріп жатпады.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

2022 жылғы 24 ақпанда Ресей әскері Украина аумағына басып кірген. Бүгін Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басталғанына 1050 күн толды.

Трамп Украинадағы соғыс бір тәулікте емес, алты айда аяқталуы мүмкін деп мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.