jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әбілқайыр Сқақов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" төрағасы қызметінен кетті

    Әбілқайыр Сқақов
    Әбілқайыр Сқақов. Фото: Павлодар облысының әкімдігі

    Әбілқайыр Сқақов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" басқармасының төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" басқармасының төрағасы қызметінен кеттім. Бұл менің жан-жақты саралап қабылдаған шешімім.

    Маған сенім артқаны үшін мемлекет басшылығына алғысымды білдіремін. Осындай маңызды ұйымды басқару – үлкен жауапкершілік және осы бағытта жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру саясатын іске асыру мен үшін үлкен мәртебе болды.

    Қор ұжымына қолдауы және адал еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз былтыр бірге көптеген қиындықтан өтіп қана қоймай, жаңа жобаларды бастадық. Әріптестерім ӘМСҚ мен жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытады деп сенемін", - деді ол.

    Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов жазбасында медицина және сарапшылар қауымдастығындағы әріптестеріне, қордың жұмысын әрдайым бақылап, бағалап отырған БАҚ өкілдеріне, депутаттарға және барша қазақстандыққа алғысын айтқан.

    Естеріңізге сала кетейік, Әбілқайыр Сқақов қордың төрағасы болып 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.

    2020-2022 жылдары ол Павлодар облысын басқарды.

    Әбілқайыр Сқақов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" төрағасы қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.