jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Арман Тұрлыбек елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    : Facebook

    Елорда әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    ааааа
    Арман Тұрлыбек. Фото: dknews.kz: Facebook

    Әкімнің жаңа орынбасары энергетика, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерге жауап беретін болады.

    Тұрлыбек Арман Алашұлы – Қарағанды облысының тумасы, 1971 жылы 6 мамырда дүниеге келген.

    Білімі экономикалық және техникалық. Алматы Энергетика және байланыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

    1999 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде Энергетика, байланыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтбаев қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

    2008 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды.

    2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жауапты қызметтерді атқарды.

    2016 жылдан бастап Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. «10 жыл Астана», «Ерен еңбек үшін» медальдары және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» құрметті төсбелгісімен марапатталған.

    «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы бар. Үйленген, үш баласы бар.       

    Арман Тұрлыбек елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.