jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ұстаздық қызмет атқарған көп балалы әке Ақтау әкімінің орынбасары болды

    Байпақов1
    Әбілқайыр Байпақов. Фото: lada.kz

    42 жастағы Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қала басшысының жаңа орынбасары бес бала тәрбиелеп отырғаны және оның педагогикалық білімі бар екені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Lada.kz Ақтау әкімдігінде жаңа тағайындау туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлім етті. Әкімнің жаңа орынбасары Маңғыстау облысының тумасы Әбілқайыр Жанайұлы екені айтылды. Оның алғашқы мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі. 2000 жылдардың басында Еңбек академиясын бітіріп, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында диплом алды. Еңбек жолын университетте оқытушы болып бастады, кейіннен ақпарат және қоғамдық келісімді басқару маманы болып жұмыс істеді.

    Басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар – әртүрлі басқармаларды, департаменттерді және тіпті әкім аппаратын басқарған. Бір жылдан астам уақыт ауыл әкімі, екі жыл қала әкімінің көмекшісі болыпты. Соңғы 8 жыл ішінде ол Ақтаудағы мұнай өңдеу зауытында кадрлар бөлімін басқарды. Байпақов сонымен бірге көп баланың әкесі, жұбайы екеуі бес бала тәрбиелеп отыр.

    Еске салсақ, Теміртаудың бұрынғы әкімі Ғалым Әшімов Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 17 тамызда, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысында мәлімдеді.

    Ал, Теміртау қаласының жаңа әкімі бұған дейін Жезқазған қаласын басқарған Қайрат Бегімов болды.

    Ұстаздық қызмет атқарған көп балалы әке Ақтау әкімінің орынбасары болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.