jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жаңа басшы тағайындалды

    Жаңа басшы1
    Мәлік Жүйріктаев. Фото: ЦДИАӨМ сайты

    Аэроғарыш комитеті "РҒБО" АҚ Басқармасының төрағасы болып Мәлік Жүйріктаев тағайындалды деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі миинстрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Мәлік Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.  

    Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастады.

    Өзінің еңбек жолын қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейін көтерілді.  

    "РҒБО" АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін "Қазақтелеком" АҚ-ның "Востоктелеком" ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек атқарды.

    Мәлік Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында.

    "Үздік байланысшы" құрметті атағымен марапатталған.

    Үйленген. Жұбайы екеуі 3 баланы тәрбиелеп отыр.

    Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады.

    Қазақстан президенті кадрлық өзгерістер жасады. Қазақстанның бұрынғы цифрлық даму министрі жаңа қызметке орналасты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ-дағы жаңа өкілін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мағжан Ілиясов жоғары лауазымға ие болды.

    Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

    Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.