jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Абзал Меңдібаев
    Абзал Меңдібаев. Фото: gov.kz

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Лауазымды қызметке Абзал Меңдібаев келген деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

    "Президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып, Абзал Меңдібаев тағайындалды", - деп хабардар етті Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Абзал Меңдібайұлы 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. "Қайнар" Университетін және Қазақ ұлттық техникалық университетін халықаралық экономист, тау-кен инженері мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1997 жылы мұнай және газ жөніндегі оператор болып бастаған. Мұнай газ саласында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды.

    2016 жылы "КазАзот" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шағырлы-Шөмішті" филиалының директоры қызметін атқарған.

    2020 жылдан осы күнге дейін "Каспий" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымында болған.

    Еске сала кетсек, 8 ақпанда Маңғыстау облысы әкімдігінің екі бірдей лауазымды қызметкері өз еркімен қызметінен кеткен еді.

    Олар өңірлік білім басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Сейдалиев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.

    Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымынан кетуіне не себеп болғаны хабарланған жоқ.

    Сонымен бірге облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев те өз еркімен қызметінен кетті.

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.