Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда екі бірдей лауазымды шенеунік өз еркімен қызметінен кетті

Опубликовано:

Бақытжан Қашақов
Бақытжан Қашақов. Фото: inbusiness.kz

8 ақпанда басшылық қызмет атқарған екі бірдей шенеунік қызметінен кетті. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мен білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған. Бұл туралы өңірлік әкімдік хабарлады деп жазады Lada.kz.

Маңғыстау облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Сейдалиев 1994 жылдан 2018 жылға дейін Шахмардан Есенов атындағы университетте түрлі қызметтер атқарған. Кейінірек өңірдің бас педогогі атанып, күні кеше қызметінен өз еркімен кетіпті.

Сонымен бірге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов та қызметінен өз еркімен кеткен.

Оның мамандығы - қаржыгер. Әртүрлі басқармалар мен комитеттерде жұмыс істеген. Ұлттық экономика министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және құрылыс істері бойынша комитет төрағасының орынбасары болған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап өңір әкімінің орынбасары атанып, ауыл шаруашылығы, экология және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы бойынша жауапты болған.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымынан кетуіне не себеп болғаны хабарланған жоқ.

Еске сала кетсек, Руслан Бекетаев қаржы вице-министрі қызметінен босатылған еді.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің ресми сайтында.

Айта кетсек, Бекетаев аталмыш қызметке 2014 жылы шілдеде тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897996-mangystauda-eki-birdei-lauazymdy-seneunik-oz-erkimen-qyzmetinen-ketti/

pixel