jitsu gif
Саясат

    Еліміздің жаңа қаржы вице-министрі тағайындалды

    Данияр Жаналиев
    Данияр Жаналиев. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

    Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.

    Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастаған.

    2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

    2008-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары болған.

    2010-2014 жылдары Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарған.

    2014-2018 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

    2018 жылғы шілде айынан бастап жаңа қызметіне дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

    Еліміздің жаңа қаржы вице-министрі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.