jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Талғат Жақан лауазымды қызметке тағайындалды

    Тағайындау
    Фото: umto.kz

    Талғат Жақан Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлықты Қасым-Жомарт Тоқаев шығарды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

    Талғат Жақан 1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында өмірге келген.

    Ол Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. Дипломатиялық академияның төтенше және өкілетті өкілдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткен.

    Талғат Жақан қаржы және сыртқы істер министрліктерінде, парламентте, премьер-министр кеңсесінде лауазымды қызметтер атқарған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылып, бұл қызметке Нұрлан Әбдіров келді.

    Талғат Жақан лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.