jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрлан Қылышбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

    Нұрлан Қылышбаев
    Нұрлан Қылышбаев. Фото: primeminister.kz

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

    Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

    Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген. 

    Еңбек жолын 1993 жылы "Талдықорған – Нижний Новгород" сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

    1994-1996 жылдары Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері болған.

    1996-1997 жылдары ІІМ органдарында қызмет атқарған.

    1997-1999 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі;

    1999-2004 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімі аппаратында консультант, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

    2004-2010 жылдары коммерциялық ұйымның президенті;

    2010-2013 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облысының Табиғи ресурстар басқармасында басшылық қызметтер атқарған.

    2013-2016 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының әкімі болған.

    2016-2017 жылдары алтыншы сайланған парламент сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

    2017 жылғы қыркүйектен бастап алтыншы сайланған парламент сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі қызметін атқарған.

    Нұрлан Қылышбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.