jitsu gif
Саясат

    Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды

    Ақтоты Райымқұлова
    Ақтоты Райымқұлова. Фото: instagram.com/aktotyraiymkulova

    Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ақтоты Райымқұлова "Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі ресми сайтында хабарлады.

    Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар.

    Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында бастаған.

    Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында түрлі қызметтер атқарған.

    2014-2016 жылдары МСМ Мәдениет және өнер істері департаментін басқарған.

    2016 жылдың қазанынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

    2019 жылдың маусым айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейін еліміздің Мәдениет және спорт министрі болды.

    Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.