jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды

    Мұрат Досмұратов
    Мұрат Досмұратов. Фото: kmg.kz

    Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ресми сайтында хабарлады.

    "Атырау МӨЗ" ЖШС жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайырденов таныстырған.

    Айта кетейік, осы жылдың ақпан айында кәсіпорынның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай мен басқа да азаматтар ұсталғаны хабарланған болатын.

    Олар Атырау мұнай өңдеу зауытының қажеттіліктері үшін құрал-жабдық сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылған.

    Сондай-ақ кейінірек Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зауыт қызметіне жүргізілген тексеру аясында үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталғанын хабарлады. Содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.