Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев ЕуроАзиялық ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
10 тамызда ЕуроАзиялық ынтымақтастың Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен жалпы отырысының шешімімен Бақытжан Сағынтаев Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Бұл Еуразияның 26 елінің қаржы-банк мекемелерін, кәсіпкерлердің іскерлік одақтарын, коммерциялық ұйымдар мен банктерді, сонымен бірге қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктерді біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.
Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.
1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.
2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы.
2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.
2007 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі.
2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.
2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019).
2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі.
Айта кетейік, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/1982859-sagyntaev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/