jitsu gif
Саясат

    Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды

    Дәурен Абаев
    Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды bort_01 Telegram арнасы.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған. 

    2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, үшінші хатшысы.

    2003 жылы — Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінің үшінші хатшысы.

    2003-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы екінші хатшысы, уақытша сенімді өкілі.

    2007 жылы — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы. 

    2007-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің сарапшысы, консультанты, Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

    2009-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

    2011 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі.

    2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрі.

    2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.

    2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

    2022 жылғы 11 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарды.

    Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.