jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Максим Споткай сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

    Максим Споткай
    Максим Споткай. Фото: Іnstagram.com/spotkaymaxim

    Максим Споткай сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне парламенттің баспасөз қызметі растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сенаттың ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Максим Споткай 1991 жылы туған. Білімі – жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер.

    Nur Otan ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, "Джей Энд Эс" халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, ZamandaS Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, "Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, "Павлодар облысының кәсіпорталығы" КАБ төрағасының м.а., "Павлодар кәсіпқызмет" ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ Қазақстан президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, "Нұр-Медиа" ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, Nur Otan партиясы орталық аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабы баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, парламент сенаты аппараты басшысының орынбасары болған.

    Максим Споткай сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.