jitsu gif
Саясат

    Танат Айдарбеков Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды

    Танат Айдарбеков
    Танат Айдарбеков. Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Алматы облысы әкімінің өкімімен Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар ауданның әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жаңа әкімді өңір активіне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев таныстырды.

    Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков 1971 жылы туған, білімі — жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Экономист-бухгалтер" мамандығы және 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін "құқық бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы "Қуаныш" акционерлік қоғамының есепшісі болып бастады.

    Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімі басшысы, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

    2021 жылдың маусым айынан Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымында болған.

    Танат Айдарбеков Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.