jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

    Ербол Жұмағазин. Фото
    Ербол Жұмағазин. Фото: Facebook/Ақтау қаласы әкімдігі

    Ақтауда әкімнің жаңа орынбасары қызметіне Ербол Жұмағазин тағайындалды. Ол бұған дейін "Ақтау электр желілері басқармасы" МКК басқарған, деп хабарлайды Ақтау әкімдігі Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

    "Ербол Жұмағазин Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

    Ербол Жұмағазин 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

    Еңбек жолын "Банк Туран Алем" ААҚ оқу орталығында тәжірибеден етуші (стажер) ретінде бастаған;

    2004 - 2012 жылдары "БТА Банк" АҚ директоры;

    2012 - 2019 жылдары "Еуразиялық Банк" АҚ директоры;

    2020 - 2021 жылдары "Jusan Bank" AҚ директоры қызметтерін атқарған;

    Ал 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін "Ақтау электр желілері басқармасы" МКК директоры болып қызмет еткен.

    Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Құлсары қаласының әкімі болып Қадіржан Адинов тағайындалған болатын.

    Ақтауда әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.