Саясат

Зектілері

Екі министрлікке жаңа вице-министрлер тағайындалды

Жарияланған күні:

шенеунік
Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Үкімет қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне, Ілияс Есетұлы Оспанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалған.

Қанат Ысқақов
Қанат Ысқақов. Фото: t.me/KZgovernment

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласында Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде парламент мәжілісінде, Президент әкімшілігінің мемлекеттік хатшысының хатшылығында, Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары Президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Ақпарат комитетінің төрағасы болған.

Ілияс Оспанов
Ілияс Оспанов. Фото: t.me/KZgovernment

Ал Ілияс Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастаған.

2012-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2018 жылдары "Евразия" корпорациясы" ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.

2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік Банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айы мен 2021 жылғы сәуір айының аралығында "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін "QazInnovations ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2007354-eki-ministrlikke-zana-vice-ministr-tagaiyndaldy/