jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды

    Ғалымжан Қойшыбаев
    Ғалымжан Қойшыбаев. Фото: СІМ баспасөз қызметі

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-арнасы.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

    Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

    1995 – 2004 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

    2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.

    2004 – 2006 жылдары президент әкімшілігінің Бас инспекторы болды.

    2006 – 2008 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып қызмет етті.

    2008 – 2012 жылдары Қазақстанның Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы) қызметін атқарды.

    2012 – 2016 жылдары – Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы) болды.

    2016 – 2019 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

    2019 жылғы 18 қыркүйекте премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

    2023 жылғы 4 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.