jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымын сақтап қалды

    Асхат Оралов
    Асхат Оралов: gov.kz/memleket/entities/mcs

    Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды, Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

    Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратынша, Асхат Раздықұлы Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Ресей Федерациясы СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

    Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

    2014-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

    2016-2017 жылдары Астана қаласының "Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының міндетін атқарушы;

    2017-2018 жылдары Астана қаласыныңЖастар саясаты мәселелері басқармасының" ММ басшысы;

    2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры;

    2018-2019 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары;

    2019-2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

    2020-2021 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі;

    2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары;

    2022-2023 жылдары Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

    2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

    Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымын сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.