jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңадан екі орынбасар тағайындалды: ҰҚК-да кадрлық ауыс-түйіс болды

    ҰҚК формасы
    ҰҚК қызметкері. Фото: ҚР ҰҚК

    Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының өкімімен:

    • Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына;
    • Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    Сондай-ақ Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

    Айта кетейік, Нұрғали Білісбеков 2013 жылғы наурыздан бастап ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

    Жаңадан екі орынбасар тағайындалды: ҰҚК-да кадрлық ауыс-түйіс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.