jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    Ерлан Файзуллин
    Ерлан Файзуллин. Фото: Polisia.kz

    Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, Қостанай облысының активі мен жеке құрамға өңірдің жаңа полиция бастығын Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха таныстырған.

    Игорь Лепеханың айтуынша, Ерлан Файзуллин ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет етеді. Жедел бөлімшелерде 27 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

    "Тобыл өңірі оған жақсы таныс. Ерлан Жұмасейітұлы – Қостанай облысының тумасы. Ол осы өңірде полиция қызметіндегі еңбек жолын бастады. Жедел уәкіл лауазымынан бастап мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен өтті.

    Қостанай облысы ПД Федоров ауданының полиция бөлімін 10 жылға жуық басқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Сондықтан ол аймақтың барлық проблемасымен және ерекшелігімен таныс", – дейді Игорь Лепеха.

    Айта кетейік, Ерлан Файзуллин жаңа қызметіне дейін Қарағанды облысының полиция департаментін басқарды.

    Қостанай облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.