jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматының төрт ауданына жаңа әкімдер тағайындалды (фото)

    Назира Тоғызбаева
    Назира Тоғызбаева. Фото: t.me/almaty_akimat

    Алматы қаласының төрт ауданына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

    Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа әкімдер Қазақстан президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен тағайындалған.

    Оларды ұжымға кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев таныстырған.

    Сонымен Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалған. Ол 2021 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

    Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалған. Ол жаңа қызметіне дейін 2022 жылдың тамызынан бері Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасын басқарған.

    Абзал Егембердиев
    Абзал Егембердиев. Фото: t.me/almaty_akimat

    Бостандық ауданының жаңа әкімі Санджар Алин болған. Тағайындалғанға дейін ол қаланың энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    Санджар Алин
    Санджар Алин. Фото: t.me/almaty_akimat

    Сондай-ақ Алмалы ауданына да жаңа әкім тағайындалған. Бұл қызметке Айдар Жақыбаев келген. Ол 2023 жылдың қаңтар айынан бері Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарған.

    Айдар Жақыбаев
    Айдар Жақыбаев. Фото: t.me/almaty_akimat

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.