jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Айдар Әбілдабеков Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды

    Айдар Әбілдабеков
    Айдар Әбілдабеков. Фото: Primeminister.kz

    Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

    Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

    Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

    1998 – 2009 жылдары кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

    2010 – 2022 жылдары статистика органдарында жұмыс істеген: Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарған.

    2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

    Айдар Әбілдабеков Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.