jitsu gif
Саясат

    Танымал журналист Нұрділда Ораз БҚО-да лауазымды қызметке тағайындалды

    Нұрділдә Ораз
    Нұрділдә Ораз. Фото: instagram.com/batys_kz

    Президент әкімшілігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып Нұрділдә Ораз тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

    Нұрділдә Ораз қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    Ол 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын "Құқық қорғау қызметі" мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы "31 арна" ЖШС "Информбюро" жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.

    Әр жылдары бірқатар республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болған.

    Сондай-ақ Бас прокуратураның аппарат басшысының орынбасары, Ішкі істер министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.