jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсталды

    Бауыржан Ізбасаров
    Бауыржан Ізбасаров. Фото: Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті

    Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаров ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Иә, біз оның сыбайлас жемқорлық әрекеті әшкереленгенін растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады", - деп хабардар етті ведомство өкілдері.

    Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтының хабарлауынша, Бауыржан Ізбасаров 2022 жылдың тамыз айынан бері облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған.

    Бауыржан Ізбасаров Алматы облысы, Күртін ауданында 1977 жылы 6 ақпанында дүниеге келген.

    1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "азық-түлік емес тауарларды жүргізу", 2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын "құқықтану", 2007 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген.

    Ол 2002 жылы ОҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі бас басқармасы №2 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған.

    Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан) және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлар органдарында қызмет атқарған.

    Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып тағайындалғанға дейін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.