jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тимур Мұратов Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды

    Тимур Мұратов
    Тимур Мұратов. Фото: emcrk.kz

    Денсаулық сақтау министрінің 26 шілдедегі бұйрығымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы болып Тимур Мұратұлы Мұратов тағайындалды. Бұл туралы орталық ресми сайтында хабарлады.

    Тимур Мұратұлы Шығыс Қазақстан облысында 1977 жылы 18 сәуірде туған.

    Білімі жоғары медициналық, медицина ғылымдарының кандидаты.

    Семей мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану бакалавры" мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі" мамандығы бойынша бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.

    Денсаулық сақтау жүйесінде 20 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын №6 қалалық емханада дәрігер қызметінен бастаған. Қызмет ету кезеңінде №2 қалалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі, №2 қалалық аурухана бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

    Соңғы жылдары Президент іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары, Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері қызметтерін атқарды. 2020 жылдан 2023 жылғы шілдеге дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымыда болды.

    Қазақстан урологтер қоғамының вице-президенті және "Астана қаласының эндоскопиялық урологтер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады.

    "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, "Астана 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. "Үздік тиімді менеджер" номинациясы бойынша «Алтын Шипагер» сыйлығының иегері (2019 жылы). Көп жылғы еңбегі және денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін 2021 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

    "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Урология" мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

    Тимур Мұратов Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.